Дәруменге бай ұн денсаулық кепілі

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырылуымен семинар-кеңес өткізілді.

Оған тамақ өнімдерін өндіретін, тікелей тамақ өнімдерімен шұғылданып, оны сатып отырған кәсіпкерлер, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты. Семинарды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Луиза Ероллақызы ашып, бүгінгі таңда тамақ өнімдерін сатып отырған кәсіпкерлерге тек қана йодталған ұн, тұзды ғана пайдалануды ұсынды. Ол үшін арнайы мекемені, дүкенді тексеру парағы барын, байытылған ұн тексерілетінін қаперге берді.

 -Жалпы йод адамға тағам арқылы келеді. Қашанда байытылған өнімдерді пайдалансақ, денсаулығымызға ешқандай нұқсан келмес еді. Біз киім, тамақ, ойыншық сататын кәсіпкерлерді арнайы есепке алып отырамыз. Әр тауарға микробиологиялық акт екі дана жасалып, ұлттық лабораторияға тапсырылып, ол қатаң тексеріледі. Ол жақтан қорытындысы шығарылады. Кәсіпкерге бір күн бұрын дүкені тексерілетіні жөнінде ескертіп, сосын ғана нысанға барамыз. Сәйкес келмейтін, тұтынушылар денсаулығына зиян келтіретін тауарлар №140 бұйрық бойынша жойылуға жатады. Кәсіпкердің алдымен декларациясы, ветеринарлық сертификаты, жүк құжаты тексеріледі. Мерзімі өткен, сәйкес келмейтін тауарларды сақтап, мезгілінде жоймаған, талаптарды орындамағандарға шарасы алынып, ісі сотқа жіберіледі. Оған 20 МРП көлемінде айыппұл салынады. Тауарды алған кезде әр тауардың ілеспе құжатын, жүк құжатын сұрау керек. Көбінесе қоймадан көп затты алған кезде оны бермейді, немесе қолмен жазып беріп жатады. ЕуроОдаққа енген елдердің сәйкестік туралы декларацияның аудармасы болуы тиіс. Әр тауардың маркировкасына мән берген дұрыс – деді Л.Мамаева.

 Кәсіпкер К.Әлиеваның «Молшылық» дүкенінен екі-үш қап ұн әкеліп, көрме ұйымдастырғаны да көкейге қонымды болды.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521