Медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға өседі

Медициналық мамандықтардың шәкіртақысы 30 пайыз артады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осылай деді.

«Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақының екі есе деңгейіне жеткізу көзделген. Осылайша ағымдағы жылы дәрігерлерге еңбекақы төлеуді 30 пайыз, орта медицина қызметкерлеріне – 20 пайыз арттыру көзделген», - деді министр. Айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінде білім беетін 91 медициналық колледж, 15 жоғары оқу орны, 14 ұлттық орталық пен ғылыми-зерттеу институты бар. «Медциналық саладағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 30 пайыз, гранттардың құны 43 пайыз артты. Аса тапшы мамандықтар бойынша гранттар саны өсті. Осы жылдан бастап медицина, педиатрия және стоматология мамандықтары бойынша үздіксіз интегерацияланған білім беру жүйесі енгізілуде», - деді Ажар Ғиният.

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз