Атырау қаласындағы облыстық оңалту орталығында"Бірінші байланыс" атты белсенді оңалту семинары өтті.Семинарды өткен жылы инструкторлық бойынша курстан өткен мүмкіндігі шектеулі жандар Есболат Балабаев, Нұрсұлтан Қалымов және Есенжан Мақсотов өткізді.
Іс-шарада олар орталықтың пациенттеріне мүгедектер арбасында толыққанды өмір сүруге қажетті дағдыларды көрсетті. Жеке тәжірибелеріне сүйене отырып, оларды тәуелсіз өмір сүруге ынталандыру үшін әлеуметтену мен эмоционалды өсудің маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.
– Біздің басты міндетіміз – жұлын жарақатын алғанадамдарды шабыттандыру және олардың дамуына оң серпінберу. Біз өзіміз олардың олар өткен жолмен жүрдік және еңқиыны – бұл физикалық оңалту ғана емес, сонымен қатарморальдық қолдау қажет болатын алғашқы жылдар екенінбілеміз. Біз көптеген арбадағы адамдардың белсенді өмірсалтын ұстанып жүргенін: білім алып, жұмыс істеп, бизнеспен, спортпен айналысып, отбасы құрып жәнебалалар тәрбиелеп отырғандарын білеміз, - деп атап өтті нұсқаушылардың бірі Есболат Балабаев.
Инструкторлар өткен жылы "Теңізшевройл" ЖШС қаржылық қолдауымен "Біз де адамбыз" қоғамдық қоры іске асырып жатқан "Мүгедек адамдарды тиімді оңалту" жобасы аясында оқуды сәтті тәмамдады. 10 ай бойы қатысушылар Беларусь Республикасының "Республикалық арбадағы мүгедектер қауымдастығы" ҚБ өкілдерінің басшылығымен мүгедектер арбасында тәуелсіз өмір сүрудің практикалық дағдыларын алуға бағытталған тренингтік және оқыту іс-шараларының кешенінен өтті. Тренингтерге 10 волонтер және 10 арбадағы мүгедектер қатысты, соңында олардың әрқайсысы өз бетінше өмір сүру бойынша барлық қажетті білім мен дағдыларды алды: мүгедектер арбасын басқару дағдылары, дене шынықтыру және спортпен айналысу дағдылары, негізгі заң білімі, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.
- Беларусь жаттықтырушыларымен өткен кездесулер маған үлкен әсер етті. Себебі олар мүгедектер арбасында қозғалады, бірақ сонымен бірге өте белсенді өмір салтын ұстанады. Енді біз мүгедектіктің үкім емес екенін, тек негативке ғана назар аударуға болмайтынын басқаларғажеткізгіміз келеді. Әрқашан өмір сүруге күш табу керек, - деді Нұрсұлтан Қалымов.
Нұсқаушыларды оқыту осы жылы жалғасын табады, өйткені толық курстың ұзақтығы 3 жылды құрайды. Осыдан кейін әр қатысушыға оңалту жұмыстарын жүргізуге құқық беретін сертификат беріледі. Алайда, осыған қарамастан, болашақ нұсқаушылар мотивациялық кездесулер өткізуге дайын, шарада олар мүгедектер арбасында жүрген адамдармен білім алмасып, қажетті кеңестер береді.