Медициналық көмек алу құқығы

Бүгінде халықты толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы.

Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асып жатқан міндетті тапсырманың бірі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру-тұтынушыларға медициналық көмекті көрсету бойынша құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру шаралар кешені болып табылады. Ол (МӘМС) Қазақстанның барлық азаматтарына, оралмандарға, еліміз аумағында тұрақты тұратын шетел- діктер мен азаматтығы жоқ адамдар жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебеге, тұратын жеріне, кірісіне қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке тең дәрежеде қамтылуға кепілдік береді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер мен аударымдар бар болған жағдайда МӘМС жүйесіне азаматтардың медициналық көмекті алуға құқығы бар. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы қандай медициналық көмек алады?» дегенге келсек, олар алғашқы медициналық-санитариялық көмек, ал- ғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының, бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек, уәкілетті орган айқындайтын, ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарлық көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмекті ала алады.

Бірақ оған қол жеткізу үшін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға төлемдер аударылуы тиіс. Айталық, қорға төленуге жататын мемлекеттің міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарналары. 1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,75 пайызы. 2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы. 3) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 6 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Ал жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді. ҚР тыс кеткен азаматтар, өзге де төлеушілер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бір АЖ-жан 5 пайыз мөлшерінде белгіленді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар жұмыс берушілердің қорға аударымдары мынадай: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аударымдарды есептеу объектісінің 1,5, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап аударымдарды есептеу объектісінің 2, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгілеу ұсынылды.

Төлемдерді төлеуден босатылған адамдарға балалар, жұмыссыздар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа толғанға дейін баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар, бала тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала күтімімен демалыста отырған адамдар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын адамдар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, тергеу изоляторларындағы адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа». «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алған, 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, мүгедектер, орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары білімнен кейін білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер, оқуды аяқтағаннан кейінгі күнтізбелік 3 ай ішінде орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адамдар.

Н.КҮЗЕМБАЕВ,

аудандық Әділет басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521