Балалар жұқпалы індетті жеңіл түрде өткізді

Коронавирус жұқпасы анықталған 60-қа жуық баланың 18-інде «COVID-19» жұқпасының симптомы болған.

Пандемия кезінде Атырау облыстық балалар ауруханасында жоспарлы ем алғандар ішінен алпысқа жуық баладан коронавирус жұқпасы анықталды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Коронавирус жұқпасы анықталған 60-қа жуық баланың 18-де «COVID-19» жұқпасының симптомы болған. Оның 13-і дер кезінде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бес балада «COVID-19» жұқпасымен қоса туабітті және созылмалы ауруы болғандықтан балалар ауруханасында емделді. Қалған қырықтан астам балада коронавирустың симптомсыз түрі анықталғандықтан, оларды жергілікті емхана дәрігерлері бақылауда ұстады. Қазіргі уақытта балалар сау, сынама нәтижесі "теріс" көрсетіп отыр. Қазір коронавирус жұқпасымен ем алып жатқан бала жоқ»,- деді Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Айгүл Сүндетова Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз