Соңғы уақытта облысымызда кене қотыр ауруы мал мен хайуанаттар арасында жиі кездесетіндігі анықталып, паразиттік аурулардың бірі болып саналуда.
Ауруды тудырушы – кене! Бұл кенелердің қай-қайсысы да мал жануардың терісінің бетінде, тері қабатының ішінде орналасып, оның сөлімен қанын сорып, тіршілік етсе, олардың әр қайсысының мал денесінде тұрақтайтын орны болады.
Мысалы, олардың кейбіреулері малдың басының айналасында, енді біреулері сирақтарында, шап қолтықтарында, жота жауырындарында тағы сол сияқты жерлерінде жайғасып, қышыма қотыр ауруын туғызады.
Ауруға шалдыққан мал жаз айларының ыстығында біршама аурудан тазарғандай болады, себебі кене 450 -500 С ыстықта өз тірлігін, яғни малға тигізетін іс-әрекетін уақытша тоқтатып терісіне жабысып тұратын болады. Ал, күз, қыс, жазғытұрым айларында олар күшіне еніп, малды жүдетіп, тіпті өлім халіне жеткізеді.
Малды аурудан қалай емдейміз?
Малдың кене қотыр ауруын емдеп жазу мақсатында әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Олардың бірі креолинді купка-қой малының қотыр ауруына қарсы жүргізілетін шаралардың бірі болып саналады. Соңғы уақытта неоцидол, ивомек, ивермек тәріздес шетелдік дәрілер пайдаланылуда.
Қорыта айтқанда, қотыр ауруына қарсы алдын ала малдәрігерлік жұмыстар, емдік шаралар жүргізілмесе мал иелеріне, шаруа қожалықтарына орасан зор экономикалық нұқсан келтіретіндігін білген жөн. Сондықтан бұл ауруды болдырмау мақсатында, мал басын жиі малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауру малдарды бөлек емдеп, қора-жайларын залалсыздандыру қажет.
М.Нұрмұханбетова, аудандық
ветеринария
бөлімінің бас маманы
Сурет:дереккөзден