Қазақстанда алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне бірегей ота жасалды

Дәрігерлер 2,5 сағат ота жасап, ана мен баланы ажалдан құтқарып қалды.

Олар жүрек пен өкпенің қызметін тоқтату арқылы қан айналу жүйесіне жиналған іріңді алып тастады. Жүктілігі 4 айдан асқан ананың қазіргі жағдайы жақсы.

Айта кетейік, биылғы жыл басынан бері Шымкенттегі кардиологиялық орталық мамандары ашық түрдегі 300-ден астам отасын сәтті жасап шықты. "Ашық түрде жасалатын оталардың бәрінің өзінің ерекшелігі бар. Осы науқасқа да осы ерекшеліктермен жасалды. Сол жасалып жатқан ота кезінде жүрек пен өкпе тоқтап, оның орнына басқа құрал-жабдықтар қызмет атқарады.

Жалпы организмнің қан қысымын, ағзада болып жатқан өзгерістердің барлығын қадағалап, бірқалыпты ұстауға мүмкіншілік жасайды. Бәрі сәтті өткен кезеңде жаңағы аппараттарды ажыратып, толық мөлшерде жүрекке өз қызметін қайтадан қосамыз", - деп атап өтті кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Ермағанбет Қуатбаев.

BAQ.KZ

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз