Атырауда 6 жасар қыз желшешек жұқтырып, қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алты жасар қыз бала ауруханада желшешектен қайтыс болды. Ол ауруханаға түскен кезде қалыптан тыс синдром жағдайында болды», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Желшешек - ауа арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Онымен негізінен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Сырқаттың инкубациялық кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14-15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура көтеріліп, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады.
Материал ашық дереккөзден