Махамбеттен жұқпалы індеттің тағы 5 жағдайы анықталды

Атырауда бір тәулікте 113 адамнан коронавирус анықталды.

Атырауда бір тәулікте 113 адамнан коронавирус анықталды.

Атырау қаласы қауіпті инфекцияның таралу ошағы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. Ал, скрининг нәтижесінде қауіпті індет Теңіз кен орнынан 8 адамнан расталған.

Аудандарға келетін болсақ, Жылыой ауданының 6, Индер ауданының 2, Мақат ауданының 1 тұрғынында Covid-19 анықталды, Құрманғазы және Махамбет аудандарында аурудың тағы 5 жағдайы тіркелді.

Коронавирус инфекциясы бар 59 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 79 адам сауығып шықты. Қазіргі уақытта үй жағдайында 835 адам, модульдік ауруханада – 175 , облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 81, аудандық инфекциялық стационарларда – 119 адам ем алуда.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 124 науқас емделуде.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT