Махамбетте 6 адамнан коронавирус жұқпасы анықталды

Атырау қаласы қауіпті инфекцияның таралу ошағы болып отыр.

Атырау қаласы қауіпті инфекцияның таралу ошағы болып отыр.

Бір тәулікте Атырау облысында COVID-19 жұқпасымен 117 адам жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында індет жұқтырудың 90 жағдайы тіркелді. Ал, скрининг нәтижесінде қауіпті індет Теңіз кен орнынан 7 адамнан расталған. Қызылқоға ауданының 1 адамнан, Құрманғазы ауданынан 5, Махамбет ауданынан 6 адамнан, Жылыой және Индер аудандарында аурудың тағы 4 жағдайы тіркелді.

Коронавирус инфекциясы бар 64 науқаста ауру тиісті белгілермен, ал 53 адамда тиісті белгілерсіз өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 16 адам сауығып шықты.

Қазіргі уақытта үй жағдайында 887 адам, модульдік ауруханада – 177 , облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 94, аудандық инфекциялық стационарларда – 122 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 155 науқас емделуде.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT