Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
18 сәуірдегі мәлімет бойынша, Спутник V вакцинасының I компонентін 535 жергілікті тұрғын алды. 1 ақпан мен 18 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен 14705 адам вакцинацияланды. II компонентпен 3291 адам егілді.
Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды.
Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа "Спутник V" вакцинасының 15 200 мың дозасы келіп түсті.
Cурет:дереккөз