Махамбетте 5 адамнан қауіпті індет анықталды

74 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда

Атырау облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша – "қызыл" аймақта.

Атырауда бір тәулікте 137 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Өткен тәулікте Атырау қаласынан 97, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 11 адамнан анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданынан -8, Қызылқоға ауданынан - 4, Құрманғазы ауданынан -9, Махамбет ауданынан -5, Исатай ауданынан 3 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Коронавирустық инфекциясы бар 76 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 33 науқас сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 547 адам үй жағдайында, 190 – модульдік ауруханада, 74 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 202 адам емделуде.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT