Атырауда өткен тәулікте 560 адам коронавирус індетіне қарсы екпе алды

2021 жылғы 1 ақпан мен 8 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 6708 адам, II компонентпен 2570 адам вакцинацияланды.

Облыс тұрғындарын covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 560 адам «Спутник V» вакцинасының І компонентін алды. Оның ішінде, 69 медицина қызметкері, 49 педагог, 14 полиция қызметкері, 7 студент, 6 жабық мекеме қызметкері, 25 құқық қорғау органдарының қызметкері, 32 мемлекеттік қызметкер, 4 созылмалы аурумен ауыратын адам, 354 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 8 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 6708 адам, II компонентпен 2570 адам вакцинацияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды.

Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз