Махамбетте тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекция жұқтырған 64 науқас анықталды.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекция жұқтырған 64 науқас анықталды.

Қауіпті індет Атырау қаласынан 44, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 11 адамнан анықталған. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан- 1, Қызылқоға ауданынан- 2, Махамбет ауданынан- 5, Исатай ауданынан 1 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Коронавирустық инфекциясы бар 26 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 37 науқас сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 500 адам үй жағдайында, 169 - модульдік ауруханада, 63 - аудандық инфекциялық стационарларда емделуде. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 234 адам ем алып жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысы - коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз