Коронавирус инфекциясынан Теңіз кенішінің бес жұмысшысы сауығып шықты

"Атырауда коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 165 адамға жетті" деп хабарлайды Шұғыл штаб.

Сауығып шыққандар Теңіз кенішінің бес жұмысшысы: төрт ер адам және бір әйел адам.

"Коронавирус инфекциясымен бірге, бес науқастың барлығынан өкпенің қабыну дерті қоса пайда болды. Сол себепті, олардың жағдайы орташа деңгейде ауыр деп бағаланған еді. Десе де, дәрігерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде ауруды жеңу мүмкін болды. Бүгінде емделушілерден коронавирусқа тапсырылған бақылау тесті нәтижесі қатерлі дерттің беті қайтқанын көрсетті. Емделушілер инфекциондық стационардан шығарылды" деп нақтылады Штаб.

Айта кетелік, вирусты жеңіп шыққандар 36, 37, 23, 42 жастағы ер адамдар және 54 жастағы әйел адам.

17 мамырдағы кешкі уақыттағы жағдай бойынша, Атырауда коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 165 адамға жетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз