Карантин режимін қатаң сақтасақ, індет жұқтырғандар саны 800-ден аспауы мүмкін

"Бұл аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты 31 мамырға жасалған пессимистік болжам" деп хабарлайды Шұғыл штаб. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мусағалиев хабарлады.

Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты бірнеше даму сценарийіне дайындық жоспарын жасақтаған.

Оқшаулау режимін сақтаған жағдайда, мамырдың аяғына дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 800 адамнан аспауы мүмкін.

"Ал, карантиндік режим бұзылған жағдайда, қатерлі инфекцияға шалдыққандар саны 31 мамырға қарай 2 мың адамнан асуы мүмкін. Сол себепті, біздер шектеу шараларын біртіндеп, кезең-кезеңмен алып отыруға мәжбүрміз" деп нақтылады Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Темірбек Мусағалиев.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің пікірінше, Атырауда қауіпті індеттің кеңінен таралып кетуінің алдын алу - тұрғындардың оқшаулану шараларын қатаң сақтауының және қызметіне рұқсат берілген мекемелердің санитарлық талаптарды бұлжытпай орындауының нәтижесінде мүмкін болған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз