Атырауда коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 130-ға жетті

Covid- 19 жұқтырған науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылды.

65 жастағы ер адамның жағдайы тұрақты деп бағалануда, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб. Штаб мәліметінше, 14 мамырда 1955 жылғы науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылған.

Қазіргі уақытта Теңіз кеніші қызметкерінің жағдайы тұрақты, оған тиісті хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.

- Одан бөлек, жансақтау бөлімінде жатқан Теңіз кенішіндегі тағы екі жұмысшының да жағдайы жақсарған. Олар 14 мамыр күні инфекциялық стационардан шығарылды, - деді жедел штаб.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 130 адамға жетті. Ал, қауіпті індетке 474 адам шалдыққан.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз