Тұмау – сырқаттанушылық адамдардың жұмыс орындары, мектептер, балабақшалар, қоғамдық көліктер, халық көп жиналатын жерлерде кездесетін вирус арқылы туатын жіті ауру.
Тұмаудың алғашқы симптомдары – мұрынның бітелуі және тамақтың жыбырлауы осыған байланысты. Жасушалардан шыққаннан кейін кейбір вирус- тар қанға өтеді, қанмен бірге әрі қарай бүкіл организмге таралады. Және де қан тамырларын және ішкі органдарды зақымдайды. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бастап 2-3 күнге дейін созылады. Тұмаудың жеңіл түрімен ауыру ұзақтығы бір апта. Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, көз қарығу, буынның және бұлшық еттің, бастың және тамақтың ауруы, жөтелу, мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады.
Биылғы жылы елімізде тұмаудың эпидемиялық маусымында Дүниежүзілік ден- саулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша айналымда тұмаудың үш штаммы болады: А(H1N1)-Мичиган, А(H3N2)-Сингапур, сондай-ақ В-Колорадо. Аудандағы мектеп, мектепке дейінгі және басқа да оқу орындарының әрбір ауысымда сүзгі жұмыстары ұйымдастырылса, емдеу, алдын алу және медициналық пункт- тер медициналық жабдықпен және дәрі-дәрмекпен (бетперделер, термометрлер, тұмауға қарсы препараттармен) қамтамасыз етілген.
Тұмау вирусы алдымен адам ағзасының иммунитетін төмендететіндіктен адам ағзасындағы басқа да ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін. 2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулары бар және жасы үлкен адамдарда, жүкті әйелдерде тұмау ауыр түрде өтеді. Балалар мен жүкті әйелдерді емдеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сырқаттанушылықты, асқынуларды және өлім-жітімді айтарлықтай азайтатын, халықты тұмаудан қорғайтын тиімді іс-шара ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды. Облыс бойынша тұмауға қарсы вакцина алуға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, біздің ауданға 2100 доза вакцина бөлініп, жоғарыда аталған халықтың неғұрлым осал топтары (Сарайшық жүйке аурулар интернатының контингенттері, арнаулы мектеп интернат балалары, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, 60 жастан асқан денсаулықтарына байланысты«қауіпті»топтағы ересектер) егілді.
Екпеден басқа ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану кезеңдерінде бірінші кезекте қарапайым профилактикалық шараларын сақтау қажет: қорғаныс бетпердесін қолдану, қолды жиі жуу немесе залалсыздандыратын ерітіндімен тазалау, ғимаратты жиі желдету, ылғалды тазарту, науқас адаммен байланысты шектеу. Оған қоса ағзаның маңызды қорғаныс компоненттері үйлестірілген және дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті мөлшерде суды тұтыну, толыққанды демалу, белсенді өмір сүру салты, кез келген соның ішінде инфекциялық ауруларға ағзаның қарсылығын төмен- дететін зиянды әдеттерден бас тарту болып табылады.
Салтанат МАҚИЕВА,
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.