Емханаға тіркелу жүйесі қандай?

Қазақстанда «Емханаға тіркел де, МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркеу науқаны 2017 жылдың 5 сәуірінен басталды.

Жалпы емхана қандай да бір медициналық көмек алу үшін кіреберіс болып табылады. Онда әр адамның шын мәнінде тіркелгенін тексеру маңызды. Бір азамат бір қалада, бір ауданда тұрса да, басқа мекенжайда тіркелуі мүмкін. Мұндай жағдайда медициналық қызмет көрсету қиындықтар тудыруы мүмкін.

2017 жылдың 5 сәуірінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтау жүргізіліп келеді. Сондықтан қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алған маңызды. Жарнаны сіз үшін кім төлейді? Мемлекет пе, әлде өзіңіз бе? Соны алдымен анықтап, түсініп алған абзал. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымына(АМСК) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу, дәрігерді еркін таңдау медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлік құзыреті бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде емханаға тіркелу бір реттен жиі емес жүзеге асырылатынын ұмытпаған дұрыс. АМСК ұйымдары азаматтар жеке өтініш білдірген кезде ғана тіркеуді жүзеге асырылады. Отбасы мүшелерінің бірінің жазбаша келісімі негізінде, еркін нысандағы өтінішті отбасының әрбір мүшесіне жеке басын куәландыратын құжаттарын беру кезінде жүзеге асатынын ұмытпау керек. Емхананы таңдау кезінде медициналық қызмет көрсету үшін оның үйіңізге жақындығын ұмытуға болмайды. Емхананың жақын орналасуы сізге, учаскелік дәрігеріңізге де ыңғайлы. Дәрігерді үйге шақыру кезінде ол сізге уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, азаматтарды емханаға тіркеу МӘМС жүйесіне қатысу үшін керек. Әрі ол маңызды рөл атқарады. Өйткені, емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне атап айтқанда сақтандырылған азаматтар медициналық сақтандырылған азаматтар медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызметтерге жаппай қол жеткізеді. Елдің әр тұрғыны емханаға тіркелу науқаны аясында бастапқы медициналық ұйымға тіркелгенде тексерумен қатар өзінің категориясы туралы мәлімдеуі тиіс. МӘМС жүйесіне қатысу туралы барлық ақпараттық жарналар мөлшері және төлеу схемаларына сіз өз емханадағы тіркелу орны немесе сіздің учаскелік дәрігерге жүгіну арқылы біле аласыз.

ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ

Емхананы таңдап, тіркелу тіпті оңай. Ол үшін емханаға жеке басын куәландыратын құжатпен барып, бас дәрігердің атына өтініш жазу керек. Ешқандай атаулы анықтама талап етілмейді. Тіркеу өтініш түскен күні жүзеге асырылады. Тіркелудің екінші әдісі- интернет пайдаланушылар үшін ыңғайлы. «Электронды үкімет»(egov kz) порталы арқылы электронды қызмет нысанында азаматтардың мәліметтерін көрсете отырып, сұрау салу. Емхананың жауапты қызметкері электронды сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады. Сіздің тіркеу туралы талоныңызды ресімдейді. Электронды түрде тіркелгеніңіз жөніндегі ақпаратты «egov kz» порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінде анықтай аласыз. Сондай-ақ азаматтар тек бір емханада ғана тіркеле алады. Бір уақытта бірнеше емханада тіркелу мүмкін емес. Азаматтар өз өтініштерімен келіп, АМС ұйымдарына тіркеу кезінде бұдан бұрын бекітілген БМСК ұйымдарынан автоматты түрде шығару «Азаматтарды тіркеу регистрі» порталы арқылы жүзеге асырылады.

ӨЗ ЕМХАНАҢДЫ ТАҢДА!

Адамдар не үшін емханаға бекітілуі тиіс? Ол емханада қандай қызметтер алуға болады? Емхана-ең алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым. Бұл учаскелік дәрігердің, тар шеңберлі мамандардың қабылдауы, дәрі-дәрмектік емдер мен емдеу шараларын тағайындау, диагностика және медициналық тексеру, балалардың, жүкті әйелдердің патронаждарын жүргізу, дәрігерді үйге шақыру «Емдеуге жатқызу бюросы» арқылы стацио- нарда емделуге жолдау болып табылады. Емхана қандай да бір медициналық көмекті алуға кіретін қақпа секілді. Сол себепті алғашқы медициналық ұйымды таңдау-шындығында қайда бекітілгеніңізді тексеру өте маңызды. Жалпы халықтың бір бөлігі бір қалада, бір ауданда өмір сүрсе де, басқа мекенжайда тіркеуде тұратындар да кездеседі. Мұндай жағдайда медициналық қызмет көрсетуде қиындықтар туындайды. Пациенттің дәрігер мен емхананы еркін таңдау құқығын пайдалана отырып, азаматтар алғашқы медициналық ұйымды тіркелген жері, сонымен қатар тұратын жері бойынша бір қаланың не кенттің шегін таңдай алады.

ТІРКЕЛГЕНДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Оны қалай ресімдеуге болады? Емхананы таңдадыңыз, енді оған қалай бекітілуге болады? Мұны істеу тым жеңіл. Емханаға өзіңіз барып, тіркеу бөліміне жүгініп, медициналық ұйымның бас дәрігерінің атына еркін көлемде өтініш жазып, жеке куәлік көшірмесін(төлқұжат, туу туралы куәлік) ұсына аласыз. Емханаға сізді бекіту 30 минут ішінде ресімделеді. «Бекітілген халық тіркелімі» порталына енгізіп, сіз медициналық қызмет көрсету алаңында ресми түрде пайда боласыз. Екіншісі, интернеттің тәжірибелі пайдаланушылар үшін қолайлы. «Электронды үкімет»(egov kz) порталы арқылы азаматтар ЭЦҚ куәландырылған деректерді көрсетумен электронды құжат түрінде сұрау жолдауға болады. Емханадағы жауапты қызметкер электронды сұрау салуды тиісті ақпараттық жүйелерден алады, тіркеу туралы талонды электронды түрде ресімдейді. Тұрғылықты жермен сіз автоматты түрде бекітілген емханалардың сай келмеуі сияқты «тосын сыйды» болдырмау үшін өз ЖСН-ды біле отырып, ақпаратты әрқашан Egov. kz порталы арқылы «Емхананы таңда!» бөлімінде тексеруге болады.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Емханаға бекітілу-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесіне қатысу үшін маңызды. Бұл еліміз үшін, онда тұратын азаматтар үшін маңызды рөл атқарады. Емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне, сақтандырылған азаматтар үшін сақтандыру медицинасының аясында медициналық қызметтер пакетіне есік айқара ашылады. Бекіту науқанының барысында елдің әр тұрғыны өз алғашқы медициналық ұйымға тиістілік фактісін анықтап қана қоймай, өзінің санаты туралы жариялауы қажет. Мәселен, сіздің кім екеніңіз, әсіресе, қандай мамандық иесі, жалдамалы жұмыскер, дара кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат, ресми табысы жоқ немесе тіркелмеген жұмыссыз екеніңіз туралы болып тұр. Егер сақтандырушының мәртебесін алумен, қажетті медициналық көмек алумен байланысты қиындықтар туындамауы үшін осының барлығын қазір анықтаған маңызды. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу жағдайлары, жарналардың мөлшері және ақы төлеу схемасы туралы ақпаратты тіркеу бөліміне немесе арнайы кабинеттегі медициналық қызметкерлерге жүгіну арқылы алуға болады. Өзіңізге жақын маңдағы емханадан медициналық сақтандыру туралы консультация алуға мүмкіндік бар. Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаса, не істеу керек? Ол үшін өз мәртебеңіз туралы қам жасауыңыз қажет. Сіз өзіңізді жұмыссыз деп есептесеңіз, жұмыссыз ретінде есепке тұрсаңыз, тұрғын жер бойынша ХҚКО, ауылдық округ әкіміне өтініш беруіңіз керек. Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесіне төленетін жарна мен аударымдарды анықтау, одан әрі медициналық көмек алу үшін алдымен сіздің әлеуметтік мәртебеңізді анықтау қажет екенін есте сақтайық.

А.ТЕКЕБАЙ.

Дереккөздері «egov kz», «www adilet qov kz», «www rerz kz», «Qazaquni kz» ақпарат тарынан алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT