Зиянкестермен күрес ұдайы жүргізіледі

Карантиндік зиянкестердің бірі-Комсток құрты. Тең қанаттылар отрядына ұнды құрттар тұқымдасына жатады.

Алма, алмұрт, цитрус, картоп, қауын, қарбыз секілді 300-ден астам өсімдіктерді зақымдайды. Комсток құрттары өте көп мекендеген өсімдіктердің жапырақтары сарғайып, пішіні өзгеріп, созылып қалады. Құрттар өсімдіктерге жабысқан орындарында ісік пайда болып, қабық жарылады. Өркендер мен өсу бүршіктері қурап қалады. Жапырақтары солып, жемістері төгіледі. Зақымданған жемістер ұсақталып, сапасын жоғалтады. Алынған өнімдердің сапасы төмендейді. Көкөніс дақылдары күшті дәрежеде зақымдалуы мүмкін.

Зиянкес ауылшаруашылық өнімдерімен әсіресе, анармен, көшеттермен су арқылы таралуы мүмкін. Мамыр-сәуір айларында құрттар туылып, ағаштарда қоректенеді. Жазда бір ұрпақ даму үшін 42 күннен 65 күнге дейін уақыт қажет. Ұрғашы құрттар жасырын жерлерде 200-600-ге дейін жұмыртқа салады. Комсток құрты тұт ағаштарында жұмыртқалауды жақтырады. Жұмыртқалау бірнеше күнге созылады. Қазақстан жағдайында үш ұрпақ береді. Зиянкес үшін жауын-шашынды, салқын және кеш көктем ыңғайсыз. Жаңбыр көп болып, ауа температурасы суыса, құрттар ағаштардан жуылып кетеді, немесе суықтан қырылып қалады. Комсток құрты 350 өсімдіктер түрімен қоректенеді. Анар жемісі комсток құрты мекендейтін терең тостағаншасы болғаны үшін өте ыңғайлы болып есептеледі. Көшеттерде комсток құрты өсімдіктер тамырларында мекендейді, үстіңгі мүшелері болмайды.

Комсток құртына қарсы карантиндік күрес шаралары: комсток құрты бар аумақтардан келген жадығаттарды интродукция көшеттерінде өсіріп тексеру, ағаштарды қурап қалған қабықтардан тазалау, жемістер мен отырғызылатын көшеттерді дезинфекциялау. Псевдофикус паразитінің мамандандырылған түрін қолдануы комсток құртына қарсы негізгі және ең тиімді биологиялық әдісі болып табылады. Бұл зиянкеспен күресудің химиялық әдісі тиімсіз.

Г.СЕРИКОВА,

аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT