Дерт өршіп тұрғанда арнаулы киім киюдің маңызы зор

 Емі жоқ жұқпалы аурулар қоғамның дамуына көп кедергісін келтіреді.

Дүниежүзіндегі ең бірінші қауіпті ауру болып саналатын оба ауруы шыққан жерден адамдар үрейі ұшып, үйлерін, тіпті ауырған бала-шағаларын да тастап қашқан замандар да болған. Осындай байбаламның кесірінен дертті бір жерден екінші жерге тасып апарған. Көп адамды қыршынынан қиған обаны ата-бабаларымыз жеті жұттың қатарына жатқызған.

Оба ауруының негізгі жұқпа көзі-кеміргіштер, өкпелік түрінде науқас адам, үй жануарларынан-мысық, түйеден жұғады. Табиғи ошақтарында обаның негізгі таратушылары-сарышұнақ, сұртышқан, құмтышқан, тарбаған, қоян тәрізділер. Обаны көбінесе кеміргіштер індеті дейді. Өйткені, ауру солардан жұғады. Ауру тышқанды шаққан бүрге, кене түйені шақса, малға ауру жұқты дей беріңіз. Одан адамға жұғады. Әріден қозғамай-ақ 1986-1997 жылдар аралығында Атырау облысында оба ауруымен 8 адам ауырған болатын. Соңғы кездері бұл індет сиреді, көп кездеспейді.

Елімізде аты жаман жұқпалы дерттің таралуына байланысты Махамбет тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлескен ауданның емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне «Этимологиясы белгісіз коронавирустің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту шаралары туралы» қаулысына сәйкес халықтың көп жиналатын нысандарын залалсыздандыру шараларын күшейту, сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қабылдау кезінде міндетті таңертеңгі сүзгіні жүргізуге тапсырмалар берілген болатын. Сонымен қатар 2020 жылдың ақпан-наурыз айларында аудандық мекемелерде аса қауіпті індет таралуына байланысты дайындық іс-шараларын өткіздік. Мәселен, аудандық обаға қарсы күрес бөлімшесі ауданның инфекционист-дәрігерлерімен бірлесіп, бірнеше жаттығу сабақтарын жүргізді.

Бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқарамасының №158 бұйрығына сай іс-шаралар жүзеге асуда. Бөлімше мамандары аудандық емхананың инфекционист-дәрігерлерімен бірігіп, арнаулы киімдерді киіп-шешу жөнінде жаттығу сабағын өткізді. Мекемеде тек көп реттік пайдаланатын киімдер болғандықтан бұл іс-шараға бір реттік киім түрі апарылып, қызметкерлер сол киімді қалай киіп көруді үйренді. Дәрігерлер дертті жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған жағдайда олар көп реттік арнаулы киімді кисе, кейін ол жуылып-өңдеуге жіберіледі. Кейде олар бір реттік пайдалатын киімді де киіп жатады. Біз жаттығу сабағын одан әрі жалғастыруды көздеп отырмыз.

Дерт күн санап, өршіп жатқан кезде аурудың алдын алу мақсатында арнаулы киім киюге аса мән беріледі. Қазақта «Сақтансаң, сақтармын» дегендей, жұқпалы індеттің қашанда алдын алған дұрыс деп ойлаймыз.

Б.МОЛДАҒАЛИЕВА,

Республикалық мемлекеттік мекеме

«Атырау обаға қарсы күрес станциясы»

Махамбет бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521