Атырауда коронавирустан айыққандар саны 15-ке жетті

Бүгін, 16 сәуір күні инфекциялық стационардан үш адам шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабы.

Дертінен айыққандар арасында 1971 жылғы әйел мен 1983, 2000 жылғы екі жігіт бар.

- Емделіп шыққандардың барлығы өзін жақсы сезінеді, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы. Осылайша, Атырауда қауіпті індеттен айыққандардың саны 15-ке жетті.

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT