Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 72-ге жетті

Дертке шалдыққан науқастың 34 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 1986 жылғы әйел инфекциялық стационарға жатқызылған. Оған дейін ол карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында болды.

Науқас бұрын Covid-19 жұқтырған адаммен байланыста болған. Қазіргі уақытта әйелмен байланысушы барлық тұлғалар анықталып, инфекция ошақтарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Науқасқа хаттамаға сәйкес тиісті ем шаралары тағайындалды. Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 72-ге жетті.

Ал, аталмыш індеттен 15 адам айықты.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз