Ауданда тағы 1 адам індет жұқтырған

 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты.

Атырау облысында өткен тәулікте 74 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 57 жұмысшыдан, Қызылқоға-1, Махамбет-1, Индер ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12- інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 223 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 97 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 36, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 767 адам оқшауланған.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT