Атырауда COVID-19 індетін жұқтырған 22 адам анықталды

Аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 адам ем қабылдауда.

Аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 адам ем қабылдауда.

Атырау облысында өткен тәулікте 22 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 11-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 10 жұмысшыдан, Индер ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 5-інде ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 106 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 217 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 73 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 352 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, екінші күн- Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз