Атырауда Covid-19 инфекциясынан 135 адам емделіп шықты

Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 248  адам үй жағдайында емделуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 248 адам үй жағдайында емделуде.

Облыстық инфекциялық стационарда 97 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 34 адам ем қабылдауда. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі хабарлады.

Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған 732 адам оқшауланып, дәрігер бақылауында. Атырау облысында өткен тәулікте 78 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 1-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 72 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз