Атырауда сауда орталығы вакцина алғандар арасында 1 миллион теңге ұтыс ойнатт

"Ұтыс ойынының жеңімпаздары болып вакцина алған төрт жергілікті тұрғын анықталды" деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Baizaar" сауда орталығы вакцинацияланған аймақ тұрғындары арасында 1 миллион теңге ұтыс ойынын қорытындылады. Акция ағымдағы жылдың шілде айында басталып, 1 қыркүйекте аяқталып отыр. Ақшалай сыйлықтар коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I және II компоненттерін алғандар  арасында онлайн форматта ойнатылды.

Ұтыс қорытындысы бойынша ақшалай жүлдеге төрт жеңімпаз ие болды.

Олардың қатарында Серік Қалхаманов, Анар Батырғалиева, Қайрат Тоқпағамбетов және Гүлшара Иманалиева бар.

- Ұтыс ойынына қатысу үшін тұрғындарға "Baizaar" сауда орталығының егу пунктінен вакцинаның екі компонентін алу талабы қойылды. Және жеке деректері жазылған  купонды толтырып, оны арнайы жәшікке салу қажет болды.

Осылайша 1 қыркүйек күні Instagram-ғы ресми парақшамыз арқылы онлайн-форматта   ақшалай ұтыс жеңімпаздарын анықтадық. Бұл әрқайсысы 200 мың теңгеден екі ақшалай жүлде және әрқайсысы 300 мың теңгеден екі жүлде" дейді конкурс ұйымдастырушылары.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысының 196 мыңнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы  вакцинаның бірінші компонентімен, 143 мыңнан астам адам екінші компонентімен егілді.

 

Сайлау

y

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика