Атырау облысында бір тәулікте 198 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 198 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 107 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 18 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 25 жағдай, Индер ауданында - 11 науқас анықталған, Исатай ауданында - 13,
Қызылқоға ауданында- 14, Құрманғазы ауданында - 1, Мақат ауданында - 3, Махамбет ауданында - 8 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 110 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 88 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 636 адам емделді.

Қазір 7 350 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 166, екінші облыстық ауруханада – 148 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 51, кардиоорталықта - 77, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 36, жатақханада - 72,
аудандық инфекциялық стационарларда - 255. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 355 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT