Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте 149 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 144 жұмысшыдан, Жылыой -1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 25-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 43 адам емделіп шыққан. Айта кетейік, қазіргі уақытта 290 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 91 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 38, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 778 адам ем қабылдауда.
Сурет:дереккөз