Атырауда 60 адамнан коронавирус індеті анықталды

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Атырау облысында өткен тәулікте 60 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 37 жұмысшыдан, Жылыой-2, Мақат-1, Қызылқоға-1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 275 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 106 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда- 32, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 619 адам ем қабылдауда.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз