Теңіз кенішінің 25 жұмысшысы Covid-19 індетін жұқтырды

Олардың ішінде үш науқас Үндістан азаматы, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар - кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар.

Атап айтқанда, науқастар - 1996, 1971, 1978, 1974, 1992, 1965, 1974, 1988, 1974, 1987, 1984, 1976, 1970, 1998, 1986, 1992, 1991, 1982, 1978, 1982, 1979, 1994, 1987 , 1992, 1972 жылы туылған жиырма бес ер адам.

Covid - ке алынған тесттен оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға жатқызылады және хаттамаға сәйкес тиісті ем алады. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды.

Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 457 адамға жетті.

Ал, аталмыш індеттен сауығып шыққандар саны – 127

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз