Атырауда коронавирус инфекциясын 75 адам жұқтырған

Аудандардағы инфекциялық стационарларда 26 адам ем қабылдауда.

Аудандардағы инфекциялық стационарларда 26 адам ем қабылдауда.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 39 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 26 адамнан болса, Құрманғазы - 6, Исатай - 2, Жылыой және Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 20 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 78 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 288 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 139, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 26 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 245 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT