Атырауда 38 адам инфекция жұқтырған

Бұл туралы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 12 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 19 адамнан болса, Құрманғазы - 4, Индер -2 және Жылыой ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 10 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 84 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 120 адам үй жағдайында емделуде.

Облыстық инфекциялық стационарда 88 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 18 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 318 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521