Атырауда 63 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған

Модульдік стационарда 138, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 33 адам ем қабылдауда.

Бұл туралы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 22 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 31 адамнан болса, Индер -6,Жылыой- 2, Құрманғазы және Исатай ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 22 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 87 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 227 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 138, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 33 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 276 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521