«Қызыл» аймақ: Атырау облысында бір тәулікте 139 адам Covid-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 139 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 110 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 29 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 77 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 62 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 22 адам емделді.

Қазір 190 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 142,

аудандық инфекциялық стационарларда - 17. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 126 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймаққа өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT