Атырауда «үнді» штаммы анықталды

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Атырау облысының Бас санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов мәлімдеді.

Оның айтуынша, алынған 43 сынаманың 18-нен «үнді» («Дельта») штаммы анықталып отыр.

- «Дельта» штамының жұғу уақыты екі есе тез. Оның көлемі де үлкен. Бұл штаммды жұқтырған адамның ауруды ауыр өткізуі мүмкін және бұл тез арада асқынған түрге айналуы ықтимал, – деді Мәдениет Танауов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT