28 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, өткен тәулікте Атырау облысында 103 адам коронавирустан емделіп шықты, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта 286 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 117 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 31, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 574 адам ем қабылдауда.
Соңғы мәліметке сәйкес, Атырау облысында өткен тәулікте 124 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 29-ы Атырау қаласынан тіркелген.
Теңіз кенішіндегі медициналық тексеріс кезінде 86 жұмысшыдан, Жылыой-3, Қызылқоға-2, Мақат-2, Құрманғазы ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 16-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Сурет:дереккөз