Атырауда 24 адам Covid-19 инфекциясын жұқтырған

Атырауда 24 адам Covid-19 инфекциясын жұқтырған

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймақта.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 4 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 19 адам болса, Жылыой ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 7 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 55 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 105 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 61 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 17 адам ем қабылдауда.

Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 242 адам ем қабылдауда.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT