Атырауда 35 адам коронавирус жұқтырған

Атырауда 35 адам коронавирус жұқтырған

Бұл туралы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 8 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 25 адам болса, Жылыой және Индер аудандарында 1 адамнан инфекция анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 23 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 102 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 62 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 14 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 259 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз