Атырауда 17 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте облыс бойынша 17 адамда жұқпалы індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың үшеуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 11 жұмысшыдан, Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандарынан бір адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 6-ында ауру симптомды түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 153 адам үй жағдайында емделуде.

Ал, облыстық инфекциялық стационарда 36 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 7, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 46 адам ем қабылдауда.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT