Атырау облыстық ауруханасында күрделі оталар жасалады

Атырау облыстық ауруханасы инфекциялық орындар санын азайтып, жоспарлы емдеу шараларына дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта ауруханада таза аймақ жасақталуда - деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 «Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеп бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды аурухана шеңберінде жасауды жоспарлаудамыз» дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Айта кету керек, Атырау облыстық ауруханасы шілде айының басынан бері 400 кереуеттік инфекциялық стационар ретінде жұмыс жасады. Қазіргі таңда мұнда науқастардың саны азайды.

«Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен 60-қа жуық науқас түсетін. Қазір тәулігіне 15-ке дейін науқас қабылдаудамыз. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап 200 кереуетке жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалудамыз»- деді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.⠀

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз