Денсаулық сақтау мининстрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысында қандай жағдайда бетперде тақпауға болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
«Азаматтар қоғамдық орындарда, жабық ғимарттарда, демалыс орындарында және көшеде медициналық бетперде тағуға міндетті. Тек 5 жасқа дейінгі балалар, жеке немесе бес адамға дейінгі топтық жаттығу жасап жатқан тұрғындар және медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар маска тақпауына болады»,- деді министр.
Сонымен қатар ол даладағы қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік ара қашықтық сақталған кезде маска тақпауға болатындығын атап өтті.