МӘМС провизорлық стационардағы науқастар үшін 48 мың төсек-күнді қаржыландырды

Кереует қорының 80 пайызы бос емес, резервтен қосымша кереует ашу бойынша шаралар қабылдануда.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеу үшін наурыз-маусым айлары аралығында Атырау облысының стационарларына 48 мың төсек-күнге 649, 815 млн. теңге төледі, деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек.

«Наурыз айымен салыстырғанда провизорлық және карантиндік төсек бойынша төсек-күннің жалпы саны – 282, ал маусымда инфекциялықпен – 12,838 мың төсек жүргізілген, яғни 12 есе өскен. Наурыз-маусым айларында карантиндік стационарларға 18,56 мың төсек-күнге, провизорлыққа – 5,9 мың төсек-күнге, инфекциялыққа – 19,6 мың төсек-күнге төленген – деп атап өтті» Филиал директоры С.Құралбек.

Наурыз айымен салыстырғанда маусымда провизорлық стационарлардағы төсек-күндердің саны да елеулі түрде ұлғайды: наурызда 0,2 мыңнан маусым айында 3,3 мың төсек-күнге дейін. Төсек-күндерге пациенттің стационарда болған кезі, сырқатты диагностикалау мен емдеу енгізілген.

Енді Қор провизорлық стационарға 1 төсек-күн үшін 21,9 мыңнан астам теңге төлейді; тәулік бойы стационарға – 32,2 мыңнан астам теңге; науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – 1 төсек-күн үшін 70 мың теңгеге жуық бөледі.

Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау облысының 23 инфекциялық/провизорлық стационармен орындау/бірлесіп орындау шарттарын жасасты.

Осы жылдың 30 маусымынан бастап төсек саны 2 947-ден 3 935-ке дейін артты, 988 төсек (25,1%) қосылды. Төсек қорының 80% бос емес. Covid 19 емдеуге тартылған стационарлардағы орындарға күн сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдардың жұмысының индикаторы болып табылады. Өңірдегі кереует қорының 80 пайызы бос емес, резервтен қосымша кереует ашу бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, № 10 Клиникалық Хаттамаға, 2020 жылғы 4 шілдедегі № 104 басылымға сәйкес, аурудың асимптоматикалық және жеңіл түрі бар науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды.

Стационарлық емге Covid-19 шалдыққан орташа ауыр және ауыр жағдайдағы пациенттер ғана жатқызылады.

Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық қызметтер кешенін көрсетеді ( дәрігерді қарау, ем тағайындау, рецепт жазу, манипуляциялар жүргізу және т.б.). Сондай-ақ, үйде стационарлық қызмет ұйымдастыру да қарастырылған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланыс нөмірі – 1406.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521