Ауданда тұмауға қарсы екпе салу басталды

Әдетте елімізде күз айларында ушығып кететін жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмауға қарсы екпе салдыру қазан айының 1-інде басталатын.

Жедел респираторлық аурулар кезінде халықтың тұмауға қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру үшін ҚРДСМ ТКҚСҚБК 2020 жылғы 5 қыркүйектегі №51 «2020-2021 жылғы эпидмаусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес биыл вакцинациялау жұмыстары 15 қыркүйектен бастап қолға алынды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұмауға қарсы вакцина 6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі.

Тұмауға қарсы вакцинация - кез келген вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Г.Ажигалиеваның айтуынша вакциналау ақылы жүргізіледі. Бағасы емдеу мекемесінің қандай вакцина, қайдан сатып алуына байланысты көрінеді.

-Вакцинаны созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға; медициналық қызметкерлерге; жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3 триместрі); жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, үй, интернат); мүгедек ересектер мен созылмалы аурулары бар балаларға және 60 жастан асқан қарт адамдар тегін ала алады. Вакцинаның нұсқамасында дене қызуы көтеріліп тұрғанда, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен ауырып тұрған кезде, созылмалы аурулары өршуі кезінде, бұрын «Гриппол» вакцинасы немесе оның аналогтарына аллергиясы бар адамдарға, тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиясы бар адамдарға қарсы көрсетілімдері жазылған. Вакциналау алдында пациентті дәрігер міндетті түрде қарап, екпеге рұқсатты рәсімдейді. Тұмауға қарсы вакцинаны екпе алу кезінде ауырып тұрмаса коронавируспен бұрын ауырған адам да алуына болады. Ресейден шығарылған «Гриппол+» вакцинасының 3000 дозасы алынып ауданда екпе жүргізілуде, – дейді ауданның бас санитарлық дәрігері.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521