Атырау емханалары жоспарлы емдеуді бастады

Жоспарлы ем қабылдайтын науқас міндетті түрде COVID-19 инфекциясына анализ тапсырады. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

№1 Атырау қалалық емханасының бас дәрігері Әсия Нарымбаеваның айтуынша, қазіргі уақытта емханада жоспарлы емдеу шарасы бойынша науқастарды қабылдау басталған.

«Жоспарлы емдеуге жататын қан қысымы, гипертония, қант диабеті, астма сынды ауруларға шалдыққан науқастар алдын ала учаскелік дәрігерге көрінеді. Кейін дәрігердің нұсқауымен анализдерін тапсырады. Ауруының күрделілігіне қарай науқас күндізгі стационарда жатып емделе алады. Оларға тегін дәрі-дәрмек беріледі. Сондай-ақ, ауруханаларға жатып емделу де қарастырылған. Ол үшін науқасты учаскелік дәрігері порталға енгізіп қояды. Портал күту кезеңі – бір апта көлемінде болуы мүмкін. Ол ауруханадағы науқастар санына байланысты белгілі болады», - дейді Әсия Нарымбаева.

Айта кетейік, жоспарлы ем қабылдайтын науқас міндетті түрде COVID -19 инфекциясына анализ тапсырады.

Анализ қорытындысының мерзімі 5 күнге жарамды. №1 Атырау қалалық емханасының күндізгі стационар бөлімшесінің ғимараты Атырау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 21 «б» үйде орналасқан. Онда 20 орындық провизорлық және 12 күндізгі стационар қызмет етеді. Емдеу орнына кіру есіктері бөлек жасалған.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз