СОVID-19 инфекциясына анализ қандай жағдайда тапсырылады?

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш жағдайда пациент коронавирус инфекциясына анализді тегін тапсыра алады.

Біріншіден, жоспарлы ем алатын науқас тәулік бойы ем қабылдайтын жағдайда;⠀

Екіншіден, квота арқылы ем қабылдар алдында;

Үшіншіден, коронавирус симптомдары бар науқастар міндетті түрде COVID-19 инфекциясына тегін анализ тапсырады.

Емханаларда күндізгі стационарда ем қабылдаушыларға коронавирус инфекциясына анализ тапсыру міндетті емес. Анализ қорытындысының мерзімі 5 күнге жарамды.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT