Ақ халатты абзал жандар мерекесі

«Өнерпаз» мәдениет үйінде қолы шипалы, дертке дауа дәрігерлер қауымының мерекесі тойланды.

Мерекелік кешті аудандық орталық аурухана директорының міндетін атқарушы Марат Тұрланұлы ашып, барша дәрігерлер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. Ол бұл мереке сонау 80-ші жылдардан бері аталып өтіліп келе жатқанын, «Цифрлы Қазақстан» бойынша әр дәрігер қараған науқасын үнемі ақпараттық жүйеге салып отыратынын, аппараттар сандық жүйеге көшетінін, бес мекемеге күрделі жөндеу жүргізілетінін, медицина мамандары 2016-2017 жылдардағы сауықтыру қаражатын алғандарын айтып, бір топ медицина мамандарын аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Оның ішінде дәрігер акушер-гинеколог Ш.Кенжеғалиева, ана мен бала емдеу жөніндегі басшының орынбасары Б.Медениева, дәрігер-терапевт Ш.Ерғазиева, медбике Д.Сапарова, Алға ауылдық емханасының мейірбикесі М.Шахманова бар. Сондай-ақ «Сенім» кәсіподақ ұйымының «Алғыс хатымен» ВОП дәрігері Р.Махмудова, дәрігер-фтизиатр Ғ.Құсайынов, медбикелер Ә.Мырзағалиева, Д.Исағалиева, С.Мусағалиева, А.Мырзағалиева, А.Уразалиева, В.Ыбраш, Г.Кубашева, фельдшер Н.Қанатова, А.Калимова марапатталды.

m

Марапат иелерінің құрметіне Е.Ғафуров әсем сазға толы «Люди в белых халатах» әнін арнады. Жас кәсіпкер, ән-термелерімен халық көңілінен шығып жүрген қазақтың ұлттық киіміндегі К.Әлиева Маңғыстау сазы «Қыз-дәурен» әнін әуелете шырқағанда қол соқпаған жан қалмады. Аудан-облысқа танымал талантты әнші Қ.Жұмашев «Сырғаңның сылдыры» әнін шырқаса, Ж.Жұмабаев «Медбике қыз» әнін орындауымен есте қалды. «Сенім» кәсіподақ ұйымының Махамбет ауданы бойынша өкілі Ш.Төлешова да әріптестерін төл мерекемен құттықтап, толайым табыстар тіледі.

m

Ол бір топ медицина ардагерлерін «Сенім» кәсіподағы атынан марапаттап, сый-сияпаттар ұсынды. Оның ішінде ардагерлер М.Ахметова, Т.Досқанова, К.Жұбаниязовалар бар. Мерекеде жастық шағын осы салаға арнаған ардагер-аналар да өткен еңбек жолдарынан сыр шертіп, емхана ұжымына алғыстарын жаудырды. Одан әрі белгілі сазгер Д.Өтегеннің «Қазақ елі» әнін Ә.Төлеуов асқақтата шырқаса, Д.Ғасырбек «Гүлдер» әнімен көпшілікті баурап алды. Сонымен қатар өнерпаз Н.Жалмұханованың «Гүлмін» әнін шырқауы тыңдарман қауымның көңілінен шықты. Трио Еламан, Дана, Қайрат шырқаған «Жүрек қалауы» әнін де жұртшылық жылы қабылдады.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT