2019 жылдың І тоқсанында медициналық сақтандыру қоры жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша 1403 медицина ұйымы халыққа қызмет көрсеткен.
Оның 701-і – жеке меншік. Осы уақыт аралығында 1,5 млрд теңгенің қызметі кемшіліктермен көрсетілгені анықталды.
Атап айтар болсақ, емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы кемшіліктер - 121,7 млн. теңге; консультативтік-диагностикалық қызметтер - 48,5 млн теңге; ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтер - 212,6 млн теңге; стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақаулар - 1,1 млрд теңге; медициналық көмектің ВИЧ, ПАБ, онкология, наркология сынды т.б. түрлері бойынша - 99,4 млн теңге.
Ал, Атырау облысындағы 64 медицина ұйымынан ( 30-ы жеке меншік) 31,3 млн. теңгенің қызметі кемшіліктермен көрсетілген.
Емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы кемшіліктер – 2,1 млн. теңге; консультативтік-диагностикалық қызметтер – 988 мың теңге; ауыл халқына көрсетілген медициналық қызметтер – 4,4 млн теңге; стационарлық және стационарды алмастыратын көмектегі ақаулар - 19,4 млрд. теңге; медициналық көмектің ВИЧ, ПАБ, онкология, наркология сынды т.б. түрлері бойынша – 568 мың теңге; кезек күттірмейтін медициналық көмек (4 категория) – 845 мың теңге; жедел медициналық көмек (1-3 категория) – 643 мың теңге; басқа де шегерімдер (медицина ұйымында МӘМС және ТМККК, азаматтарды бекіту тәртібі тақырыптарында ақпараттардың ілінбеу, және т.б.) – 2,1 млн теңге.
Медициналық сақтандыру қоры медицина ұйымдары көрсеткен қызмет ақысын ай сайын, есеп беретін ай біткеннен кейін, күнтізбе бойынша 20 (жиырма) күннен кешіктірмей төлеп отырады. Төлем көрсетілген қызмет актілері негізінде және қызмет сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін жасалады. Медициналық қызметке төленетін тарифтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.
Мониторинг қызметі бақылауды қызметтің көлемі мен сапасына қарай жүргізеді. Қарапайым тілмен айтқанда, МСҚ келісім - шарт міндеттемелеріне сәйкес қызметтің нақты көрсетілген-көрсетілмегенін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес емдеу және диагностиканың орындалуын мониторингілейді. Қандай да бір олқылықтарға жол берген медицина ұйымына айыппұл салынады. Ал, емдеу барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алған жағдайда істі құқық қорғау органдары мен қадағалау органдарына жібереді.
Мониторингті жоспарлы түрде ғана емес, жоспардан тыс және мақсатты түрде қордың сарапшылары жүргізеді. Жоспардан тыс бақылауға пациенттердің арыз-шағымдары, сонымен бірге, қордың тапсырмасы да негіз болуы мүмкін. «Медициналық қызмет сапасын басқару жүйесі» (СУКМУ), Емханалық-амбулаторлық көмек (АПП ПС) бағдарламалық жүйелері арқылы, сондай-ақ, бекітілген жоспар бойынша емдеу мекемелері аяқтай барып тексеріледі.
Емдеу-диагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, ақпараттық жүйеге қате мәліметтерді енгізу мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер болып саналады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы + 7 7122 956936