Қауіпсіз тамақ өнімі денсаулық кепілі

Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен 2019 жылдың 5 айында 12 сауда нүктелерінен 67 өнім түрлері сатып алынды.

Зертханалық зерттеу нәтижесімен 13 таңба, 3 микробиологиялық, санитариялық-химиялық бойынша 2 сәйкессіздік анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке 2 жеке кәсіпкер тартылды.

Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам өнімдерінің сапасына, ас жүйесіне, биологиялық қоспаларына мониторинг жүргізу арқылы сақтау мерзімі мен өнімді іске асыру жайына көп көңіл бөлінеді. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті (бұдан әрі – осы техникалық регламент) техникалық реттеу объектілерін, техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын, техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру ережелерін, техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін белгілейді.

Белоруссия, Қазақстан және Ресей Республикаларында техникалық реттеудің бірегей ережелері мен негіздері туралы келісімге сәйкес, 2010 жылдың 18 қарашасында «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 021/2011 Техникалық регламенті Кеден одағы комиссиясының 2011 ж. 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітіліп, 2013 ж 1 шілдесінде күшіне енген.

Тамақ өнімдерін өндіру кезінде, сонымен қатар, оны сақтау, тасымалдау және сату кезінде, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі және сыртқы нарығында ХАССП жүйесіне негізделген қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс.

-тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімін өндірудің технологиялық процестерін таңдау;

-өндірістік бақылау бағдарламаларындағы технологиялық операциялар мен тамақ өнімінің бақыланатын кезеңдерін оны өндіру кезеңдерінде айқындау;

-азық-түлік шикізатқа технологиялық құралдармен, орауыш материалдармен, тамақ өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бұйымдармен, сондай-ақ тамақ өнімін бақылаудың қажетті шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен бақылау жүргізу;

Тамақ өнімінің таңбалануы бөлігінде тамақ өніміне қатысты талаптарды белгілейтін Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына және Кеден одағының техникалық регламентінің тағам өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылған талаптарына сәйкес болуы керек. Сәйкестікті бағалауды өткен тамақ өнімдері, тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне Кеден одағы техникалық регламенттерінде өзгеше белгіленбесе, Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімдер айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс. Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылған тамақ өнімі белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде мақсаты бойынша пайдалану кезінде қауіпсіз болуға тиіс. Айналымдағы тамақ өнімдерінде адам мен жануарлардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін инфекциялық, паразитарлық ауруды қоздырғыштардың болуына рұқсат етілмейді.

Тамақ өнімдерінің жарамдылығы мерзімдері мен сақтау шарттарын дайындаушы белгілейді. Қаптамаларды дайындау үшін пайдаланылатын материалдар, тамақ өнімдерімен байланыста болатын бұйымдар Кеден одағының техникалық регламентіне белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

Тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын тамақ қоспаларына, хош иістендіргіштерге және технологиялық құралдарға қойылатын талаптар Кеден одағының техникалық регламентімен белгіленеді. Өсімдік, жануар және микроб тектес ГТО-дан алынған азық-түлік шикізаттан тамақ өнімдерін өндіру кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен ГТО желісі пайдаланылуға тиіс.

Қорыта келгенде, адам өмірінде маңызды болып табылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жоғары және басты назарда болмақ.

К.ӘЖДЕНҒАЛИЕВА, Махамбет аудандық ҚДС басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT