Өзін-өзі тану еліне саяхат!

О.Шонаев атындағы орта мектебінде 5 «орыс» сынып жетекшісі Избулова Лира Махамбетқызы дайындаған «Путешествие в страну самопознания» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты – оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, баланың өзін-өзі тануына, шығармашылық қабілетін, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал ету еді.

Тәрбиелік шара қазақтың күмбірлеген күйімен басталды. Одан әрі оқушылар әртүрлі ертегі кейіпкеріне еніп, өзін-өзі тану еліне саяхат жасады. Белсенді түрде өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, қойылымдар қойды.

Бұл шара оқушыларды өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, адам бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерін жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасатты болуға үгіттеп, үлкен әсер қалдырарлықтай жоғары дәрежеде өтті.

Шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қамиева және мұғалімдер мен ата-аналар өз ойларын ортаға салды.

А. НАУРЫЗОВА,

О.Шонаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT